Облыс орталығындағы Дружба кентіне де қауіп төніп тұр

Облыс орталығындағы Дружба кентіне де қауіп төніп тұр

Қостанайға іргелес жатқан Дружба кентінде су басу қаупі төніп тұрған шамамен 35 аула бар екені анықталды.

Онда ұзындығы 1 шақырым болатын тұрғын алаптың бойында арна қазылған. Бұл аумақта жылжымалы гидропост пен су айдау техникасы тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Инертті материалдар да дайын. Мамандар осы кентпен іргелес Қонай ауданының 13 үйіне су келуі мүмкін деп жорамалдап отыр.

“Судың толып кетуіне жол бермеу үшін күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Қажет болған жағдайда суды андижандар мен мотопомпалар арқылы айдау шаралары қолға алынады”, – деді Қостанай қала әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов бұл туралы.

Қаланың оңтүстік-батыс айналма арнасына “АБЗ+” мердігер ұйымы қызмет көрсететінін айта кетейік. Серіктестік “Әуежай” шағын ауданын, Мамандандырылған ХҚКО ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын және 7, 8, 9 шағын аудандардың аумағын күн сайын тазартып, бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Қостанай қаласы

Жаңалықтармен бөлісу