Қостанайда саяжайларға қарғын су жайылды

Қостанайда саяжайларға қарғын су жайылды

Еріген қар суының әсері облыс орталығына да кері әсерін тигізіп жатқанын бұдан бұрын да хабарладық. Бірнеше күннен бері Текстильщиктер аумағында «ДК Максат» ЖШС мердігер ұйымы еріген судың жүру бағытындағы су өткізгіш құбырлар мен қарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ҚР Ұлттық ұланның №6697 әскери бөлімінің қызметшілері саяжайдағы үйлерді судан қорғау үшін 3000 қап құм төседі.

“Наурыздың 27-29 аралығында іргелес егістіктерден темір жол учаскесінде еріген су жиналды. Салдарынан қауіп төніп тұрған 30 саяжайдың 14-і су астында қалды. Қазіргі уақытта жағдай түзеліп келеді. Судан тазарту жұмысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр», – дейді қала әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Қостанай қаласы

Жаңалықтармен бөлісу