2024 жылдың 1 наурызы мен 5 сәуірі аралығында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларда кандидаттарды таңдап, зерделейтін болады.
ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 11 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді.
Балаға қол көтерген тәрбиеші әкімшілік жауапқа тартылады
Қостанайда бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жұмыстан қуылды. Он бес жылдық тәжірибесі бар тәрбиешінің неліктен баланы жұлқылап, жұдырық түйгені белгісіз. Оның бүлдіршінге қол көтерген сәті балабақшаның бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланың ата-анасы қалалық білім бөліміне арызданып барған. Қызметтік тексерістен кейін нөмірі 27-ші бөбекжай-балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды.
Арқада демалыс үйі салынады
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Арқа ауылында демалыс үйі салынып жатыр. Құрылысы өткен жылы басталды. Бұдан бөлек, Қамыстының Арқа ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт, Алтынсарин мен Бестөбеде медициналық пунктер салынады.
Өнер зерттеушілері Нұрхан ақынның жаңа қырын ашты
Бұл туралы жас музыкатанушы, Тобыл-Торғай өңірінің фальклорын зерттеп жүрген Алматыдағы Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерваторияның магистранты Ермек Қазмұқамбетов тілшімізге берген сұқбатында баяндайды.
Ұлттық Банк жаңа сериялы банкноталарды мерзімсіз айырбастайды
Банкноталардың жаңа сериясы туралы ҚҰБ қорларды талдау және жоспарлау басқармасының бастығы Серікжан Майданов түсіндіріп берді.
Қостанайдағы саяжайлардың бірі отқа оранды
«Бағбан-Құрылысшы» бау-бақша қоғамы саяжайындағы тұрғын үйден өрт шықты. Облыстық ТЖД оқиға болған жерден 3 газ баллонын эвакуациялады.
Мердігер құрылысы созылған үйді наурыз айының соңына дейін аяқтауға уәде берді
Қаланың Әуежай ауданындағы №45/3 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылы басталған. Алайда, жауапсыз мердігердің кесірінен әлі күнге дейін тұрғындар қоныстана алмай отыр. Қала әкімі Марат Жүндібаев арнайы барып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті.
Қарасу ауданында жайылымдардың тапшылығы байқалады
Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбеновтың төрағалығымен өткен Қарасу ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлімдеді.
«Бүгінгі күннің батырлары». Ерлігімен еленген тәртіп сақшылары марапатталды
Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде «Қазіргі заман қаһарманы» атты іс-шара өтті. Онда ерлікті істерімен көрініп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді. Оған полиция қызметкерлері, мектеп оқушылары, жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты.