Қостанай облыстық қоғамдық даму басқармасының жастар ресурстық орталығы тапсырысымен, “Жайдарлы жастар” ҚҚ ұйымдастырумен облыстық “Super” лигасының финалдық сайысы өтті.
Екі әкім қайта сайланды, бір ауданда жаңа басшы
Ел тарихында алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткен еді. Осыған орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов Федоров, Денисов аудандары мен Рудный қаласына барып, дауыс беру нәтижесімен сайланған әкімдерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, тапсырмаларын берді.
Жастар үлгі көрсетті
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қостанай филиалы «Вандализмге жол жоқ» акциясына қатысып, Мичурин ауылындағы Ыбырай Алтынсарин кесенесін тазалауға барды.
Жыл басынан бері үш жүз келіден астам есірткі заттары тәркіленген
Жасөспірімдерді қоғамдық тәртіпке үндейтін іс-шаралар оқу жылының басынан бері өңірдің барлық колледждері мен орта мектептерінде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы 500-ден астам адам қатысқан ата-аналар жиналысы “Есірткіге жол жоқ” тақырыбына арналды.
Қостанайлықтар чемпионаттарда үздік өнер көрсетті
Бұған дейін Қостанай қаласында үш бірдей чемпионат өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Алексей Кауновты еске алуға арналған 2009 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы гандболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Байтұрсын Ілиястың есімімен дәрісхана ашылды
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика факультетінің қабырғасынан белгілі журналист, қоғам қайраткері Байтұрсын Ілиястың есімімен дәрісхана ашылды.
Қостанайда атауы бірдей көшелер адамдарды шатастырып жатыр
Қостанай қаласында 2017-2022 жылдар аралығында 7 көшенің атауы ауысқан. Ал, аты қайталанатын 23 көше бар. Әкімдікте өткен жиында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Әзімжанова ономастикалық жұмыс жөнінде баяндап берді.
Жол тәртібі сақталар емес
Жыл сайын мас күйінде көлік айдаған 1,5 мыңнан астам адам тіркеледі. Басқару құқығынан айырылса да көліктерін жүргізуді жалғастырып, қайтадан заң бұзып жатқандары бар. Ол туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді.
«МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН PISA-2023» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЗЕРТТЕУІ БАСТАЛДЫ
Желтоқсан айының орта шеніне дейін еліміздегі 1000 білім беру ұйымында «PISA-based Test for Schools халықаралық зерттеуі өтеді.
Әл-Фараби даңғылы мен Байтұрсынұлы атындағы көшенің дизайн-кодын визуализациялау жобасы таныстырылды
Дизайнерлер жобада сыртқы қала аумағындағы ғимараттар көрінісінің, іргелес жалпы ландшафтының дизайнын көрсетті. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінде айтып берді.