Қостанайлықтар чемпионаттарда үздік өнер көрсетті

Қостанайлықтар чемпионаттарда үздік өнер көрсетті

Бұған дейін Қостанай қаласында үш бірдей чемпионат өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.  Алексей Кауновты еске алуға арналған 2009 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы гандболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қостанай облысының құрама командасы қола медаль жеңіп алды, Павлодар облысының командасы күміс жүлдегер атанды, Қарағанды облысының командасы чемпионат жеңімпазы болды.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының жастар чемпионатында үздік өнер көрсеткен Илья Зайцев, Тамерлан Бажақов,  Даниил Богер,  Кирилл Лоренц, Жәнібек Жәкенов,  Руслан Ивченко сынды жерлестеріміз турникте еркін бағдарлама бойынша өнер көрсету, брусия, тұғырдан секіру тәрізді жарыстың түрлері бойынша  жеңімпаз, жүлдегер атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жаңалықтармен бөлісу