Бейімбет Майлин ауданы Новоильин ауылдық округінің әкімі Мақаш Таймасов дүкен сатушысын балағаттаған. Қоғамдық тәртіпті бұзған шенеуніктің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.
Ербол Нұрхожаев – «Қайырымдық үшін» төсбелгісінің иегері
Елордада құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі мәселелеріне арналған XI Азаматтық форум өтті. Онда қайырымдылық саласының үздік қайраткерлері анықталды.
«Сіздің учаскелік полицей» акциясының қырағылығы: «Темір жол» ауданындағы тәртіп қалай?
Қостанай қаласына қарасты «Темір жол» әкімшілік аумағында қалай өтіп жатқаны туралы учаскелік полицей Виталий Воронин полиция капитаны бұл аймақта бес жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Жергілікті тұрғындарды жақсы біледі және «Сіздің учаскелік полицей» акциясы кезінде алаяқтықтың алдын алуға көп көңіл бөледі.
Лисаковтағы күндізгі бөлімше жаңа ғимаратқа көшті
Лисаков қаласында он екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан күндізгі бөлімше «Нұрлы жол» балабақшасының қабырғасында орналасқан ғимаратқа көшті. Ол жер бұрынғыға қарағанда, 300 шаршы метрге кеңірек әрі жарық. Бүгінде күндізгі бөлімшеге 20 ерекше бала келіп жүр.
2023 жылғы 5 қарашада өткен Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 5 қарашада Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласы әкімдерінің сайлауы өтті.
БӘЙТЕРЕК – БОЛМЫС Белгілі қоғам қайраткері Өмірзақ Ихтиляпов –75 жаста!
Әсілі, ел игілігі үшін аянбай тер төгіп, алға қойған асқаралы мақсатына жету жолында бар күшін, қажыр-қайратын аямай, өз ісін беріле атқаратын жандар арамызда аз емес. Сондай атпал ағаларымыздың арасынан елге жаны ашитын, өзінің бойындағы әу баста Құдай берген тазалығын, кішіпейілдігін, кісілігін сақтап қалған, мансапқа жетсе де қалпы өзгермейтін Өмірзақ ағаның бейнесі айқын бедерленеді.
Әдебиет апталығы басталды
Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдебиет апталығының ашылуы өтіп жатыр. Рухани іс-шара қарашаның тоғызына дейін жалғасады.
Нидерландтағы Халықаралық Мектептер Кеңесі мен NIS мектептерді аккредиттеу туралы меморандумға қол қойды
Нидерландтағы Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына елдегі мектептерді аккредиттеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл орта білім беретін ұйымдардың оқыту сапасын арттыруға ықпалын тигізеді. Бұл жөнінде NIS-тің ауыл мектептерін қолдау бағытында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жабылу салтанатында белгілі болды.
Арқалықта Мәдениет қайраткерінің мерейтойы атап өтілді
Арқалық қазақ жасөспірімдер театры белгілі әртіс, ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы – термеші Бөлтірік Молдашұлының 75 жас мерейтойын «Ғибратты ғұмыр» атты сахналандырылған концерттік қойылымымен атап өтті.
«Тіл керуені» мәреге жетті
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.