“Тіл керуені” мәреге жетті

“Тіл керуені” мәреге жетті

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.

Тіл мәдениеті деңгейін, мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру, балалар мен жастардың қазақ мәдениеті мен дәстүрлері арқылы мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгерген этникалық топ өкілдерін қолдау және көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған “Тіл керуені” жобасы өз мәресіне жетті.

“Мирас” мәдениет үйінде жоба негізінде түрлі этнос өкілдері арасында  “Ән – халықтың үні!” вокал конкурсы өтті. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ат салысып жүрген түрлі этнос өкілдерімен сұқбат жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен  “Тәрбиенің басы – тіл!” қалалық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу