2023 жылғы 22 қыркүйекте «Жастар Сарайы» ғимаратында (Қостанай қ., Юбилейный ш/а, 56) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Қостанай облысы мемлекеттік органдарының басшылығы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізеді.
Ақы төлеп оқитын студенттер жатақханада тұра ала ма?
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ақылы түрде оқитын студенттердің жатақханадан орын алуға толық құқылы екенін, заңнамалық еш шектеу жоғын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шылаудың да сұрауы бар
Шылау дегеніміз – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Бірақ осы шылауларды қалыптасқан заңдылығына сай қолданып жүрміз бе? Қандай ағаттықтарға жиі ұрынамыз? «ТүзеТілді» айдарының бүгінгі шығарылымында шылау сөздерге қатысты жиі кездесетін қателіктерді жиып-термекпіз. «Тек қана». Қазақ тілінде шектік мәндегі демеулік “тек” және “қана/ғана” шылауларының бір […]
Қостанай филармониясының маусымашар концерті өтеді
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі ертең «Дала дүбірі» атты концертін өткізеді.
Қостанайда күздің алғашқы жәрмеңкесі өтетін күн белгілі болды
Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі 16 қыркүйекке белгіленіп отыр. Сауда-саттық іс-шарасында азық-түлік бағасы нарықтағы құннан 15-30 пайыз арзан болады.
Қазақстан пойыздары суперинтернетпен қамтылады
Пойызбен сапарлау – қазақстандықтар үшін байланыссыз қалу деген сөз. Өйткені жолдардың көп бөлігінде ұялы байланыс антеналары сөніп, 4G арманға айналады. Енді»Қазақстан темір жолы» интернет мәселесімен айналыспақ, – деп хабарлайды Tengritravel.kz.