Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Әзербайжан Республикасының азаматына қатысты істі қарауды аяқтады деп хабарлайды департамент өкілдері.
Арқалықтағы Ержановтар отбасы бизнесте ел нарығына шығуды көздейді
Биылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% – пен 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріле бастады.
Бруцеллез індеті анықталды
Қамысты ауданының орталығында ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аманкелдіде әлеуметтік сала мен қоғамдық жұмыстарға сұраныс артып келеді
Елімізде осы айдан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары қайта құрылымдалды. Нақтырақ айтқанда, мемлекетімізде «Әлеуметтік кодекстің» күшіне енуіне орай жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек мобильдігі» орталықтары болып қайта құрылды.
Арзан бағамен жекенің қолына өткен кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды
Лисаков қаласының прокуратурасы мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеру барысында коммуналдық мүліктің құнын төмен бағалау фактісін анықтады деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Науырзым ауданында төтенше жағдай жарияланды
21 тамызда сағат 16:30-да Науырзым ауданы Қарамеңді ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан “Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының” аумағындағы 50 гектар алаңнан өрт шықты деп хабарлайды облыстық ТЖД өкілдері.
Қарасу ауданы кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобаларға серпін беруде
Қарасу ауданының өнеркәсіп және инвестиция саласында өсім бар. Соңғы алты айдың көрсеткішіне сүйенсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 421,7 млн теңгеге жеткен. Ал, бөлшек сауда 1 млрд 631 млн теңгеден асады. Ауданда соңғы кезеңде ішкі сауда саласында тұрақтылық байқалады.
Жуырда Қостанайда жаңа үш мектеп бой көтереді
Облыста жаңа оқу жылына дайындық жүріп жатыр. Өңірде биыл алғаш рет 10 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа барады.
Қостанайда жүк тасымалына бағытталған жеті станциялық жол пайдалануға беріледі
“ҚТЖ” ҰК” АҚ өкілдері Қостанайда өңірдің жүк жөнелтушілерімен кездесті. “ҚТЖ – Жүк тасымалы” ЖШС Бас директорының орынбасары Н. Келбұғановтың төрағалығымен биылғы егінді жинау қарсаңында астық пен ұн өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Лисаковта жоғалған 4 жасар қыз табылды
Қыздың анасы Наталья Гусева қызымен бірге Ресейден әжесіне қонаққа келген.