Қостанайдағы Назарбаев интелектуалдық мектебінің оқушысы Әдемі Бектепберген республикалық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанды. Онлайн режимде өткен студенттер мен оқушыларға арналған «World of Best» IX Республикалық пән олимпиадасының қорытындысы жарияланды. Оған қостанайдан Әдемі Бектепберген биология пәнінен қатысып, 1-орынға ие болды.
Биыл Қостанай облысының өрт сөндірушілеріне 72 тыныс алу аппараты сатып алынады
Өрт сөндірушілерге тыныс алу аппараттарының алғашқы легі сатып алынады. 40 тыныс алу аппаратын алуға Республикалық бюджеттен 92 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қара Бүркітте» сотталушы үйленді
«Қара Бүркітте» жазасын өтеп жатқан сотталушы үйленді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сайтына сілтеме жасап.
Қаладағы орталық саябақтағы субұрқақтар жаңарады
Қостанай қаласының орталық саябағындағы «Сусиыр» мүсіні бар субұрқақ орнында қалатын болды. Мүсіннің сыртқы келбеті қайта қалпына келтіріліп, тұрғындардың пайдалануына берілмек. Бұған дейін қалалықтар аталған субұрқақты алып тастауға қарсы шыққан болатын.
Қостанайда 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған
Сәуір айының алғашқы аптасында Қостанай қаласында екі айлық тазалық жұмыстары басталған еді. Осы уақыт аралығында ауқымды бес сенбілік өткен. Оған қаланың барлық ұйымдары қатысып, 25 мың м3 қоқыс шығарылды. Ал, былтыр сенбілік аясында 16 мың м3 қоқыс жиналып, тиісті тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қостанайлық жастар «Jas LIGA» жобасында бақ сынады
Соңғы екі жылда Қостанай облысы жастарының арасында «Жас лига» деп аталатын спорттық жарыс өткізу әдемі дәстүрге айналды. Сайысқа қатысуға ынталы командалардың саны жыл сайын көбейіп, жүлде қоры да молая түсуде.
Қолөнер шебері Ақтоты Ниязбек
«Менің әлемім» байқауының қатысушысы – Ниязбек Ақтоты Байбатырқызы. Ол Жанкелдин ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы.
Ауылын бейнелеген Алмас Боранбай
«Менің әлемім» байқауының тағы бір қатысушысы – Алмас Боранбай. Ол Жанкелдин ауданы, Шеген ауылында тұрады.
Байқау қатысушысы – Айдын Боранбай
«Менің әлемім» байқауына табиғатты бейнелеген Айдын Боранбай қатысып отыр. Ол Жанкелдин ауданы, Шеген ауылындағы Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы. 10 жаста.
Табиғатты аялауға үндеген Нұрсезім
«Менің әлемім» байқауына қатысушы Нұрсезім Айбатқызы. Жанкелдин ауданы, Шеген ауылындағы Аманкелді атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқиды. 10 жаста, жетекшісі – Гүлжаухар Сәдуақасова.