Соңғы жылдары Денисов ауданының халық саны мен мал басы төмендеп кеткен. Жүк көлігімен полигонға дейін қоқыс жеткізу 25 мың теңге. Ауылға екі жыл бұрын ғана жер астымен төселген су құбыры қыста қатып қалады, зардабын тұрғындар көріп отыр.
Партия филиалында әлеуметтік қорғау кеңесінің жұмысы қортындыланды
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің ұйымдастыру отырысы өтті.
Қостанайдың өз әзіл студиясы бар
Атырау қаласында Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының жанынан құралған «Ара-Атырау» сатира театрының ұйымдастыруымен алғаш рет «Жаңа Қазақстанға – жаңа әзіл» атты сатира театрларының І республикалық әзіл-сықақ фестиваль-байқауы өтті.
Сазгердің әуезді әндері жас әншілердің жігерін жаныды
Биыл Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Болат Хамзиннің туғанына 85 жыл.
«Музей түні – 2023» қалай өтті?
Халықаралық музейлер күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні -2023» интерактивті акциясында жиналған халықтың қарасы көп болды.
Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында алты баспана бой көтереді
Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылындағы «Диев Агрофирма» ЖШС өз жұмысшыларына арнап тұрғын үй салуға ынта білдіріп отыр. Қазір құрылысқа арналған жер де дайын. Бұл жерді облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып көріп, бұл бастама бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі екенін айтты.
Қостанай облысында көктемгі егіс жұмыстары басталды
Бүгінде көптеген шаруашылық сұлы, арпа егіп болды. Енді майлы дақылдар мен бірыңғай бидайға кіріседі. Солардың бірі – Қостанай ауданындағы «Олжа-Садчиковское» ЖШС-інде науқандық жұмыстар қыза түсті.
Заречный кентінде ұлттық ат спорты түрлерінен турнир өтеді
2023 жылдың 20 мамырында Қостанай облысында 2023 жылғы бәйге маусымының ашылуы өтеді. Сондай-ақ, Заречный кентіндегі «Арғымақ» ипподромында қостанай жылқы тұқымына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық турнир ұйымдастырылмақ.
Шекара қызметкерлері заң бұзған шетел азаматын ұстады
2023 жылғы 17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Орман қайта қалпына келе ме?
Былтыр Әулиекөл ауданында 40 мың гектардан астам орман алқабы өртке оранды. Қазір осы алқапты тазарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жанып кеткен ағаштарды кесіп, алаңқай толығымен тазаруда. Бұл жұмысқа жүзге тарта бригада тартылған. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Әулиекөл ауданына барған іссапарында орман алқаптарында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, бірқатар тапсырма да берді.