Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға облыстың әр аймағынан 20-дан астам шығарма келіп түскен. «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин жеңімпазды анықтау оңай болмағанын айтады. — Эсселердің бәрі де жақсы жазылған. Журналистерден құралған қазылар алқасы барлығын қарап, қорытындыладық. Қарап отырсақ, жүлдеге ілінгендер біздің тұрақты оқырмандар екен. Олар газетімізге […]
Қуыршақ театры көрермендерге шеберлік сабағын өткізді
Облыстық қуыршақ театрында шеберлік сабақтары, сондай-ақ балаларға арналған музыкалық қойылым көрсетілді.
Ыстық су күзге қарай беріледі
Әуежай шағын ауданына ыстық су қыркүйекте ғана берілетін болды. Бұл туралы Қостанай жылу-энергетика компаниясы хабарлады. «Аталған ауданда апаттың алдын алу үшін, негізгі жылу магистральдарын жөндеу жұмысы басталды. Осыған байланысты, Герасимов көшесіндегі үйлерге ыстық су қыркүйек айының бірінші жұлдызында беріледі», – делінген Жылу-энергетика компаниясы таратқан хабарламада.
Жаңа байқау басталды
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менің әлемім» атты жаңа байқаудың басталғанын хабарлаймыз. Байқауға 12 жасқа дейінгі бейнелеу өнеріне бейім жеткіншектер қатыса алады. Талаптары: – Қатысушының аты-жөні, жасы, мекенжайы, ата-анасының (туысының, мұғалімінің) байланыс нөмірі көрсетілуі міндетті; – Суреттер анық, сапалы түсірілуі керек; – 10 суретке дейін қабылданады; – Инстаграмдағы qostanai_tany парақшасына жазылып, осы […]
Марафоншылар 16 күнде 5000 шақырымды жүгіріп өтті
Елімізде табиғаты тамаша жер көп. Таңғажайып табиғатты тамашалау, саламатты өмір салтын насихаттау, жүгіру мәдениетін қалыптасыруды «NOMAD run» ультрамарафонына қатысуышлар негізгі міндеттеріміз деп біледі. Аталған марафоншылар Қостанай қаласына да келді. Олар осы уақытқа дейін Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Петропавл сынды өңірлерді жүгіріп өткен. Барлық облыс орталығы арқылы […]