Ыстық су күзге қарай беріледі

Ыстық су күзге қарай беріледі

Әуежай шағын ауданына ыстық су қыркүйекте ғана берілетін болды. Бұл туралы Қостанай жылу-энергетика компаниясы хабарлады.

“Аталған ауданда апаттың алдын алу үшін, негізгі жылу магистральдарын жөндеу жұмысы басталды. Осыған байланысты, Герасимов көшесіндегі үйлерге ыстық су қыркүйек айының бірінші жұлдызында беріледі”, – делінген Жылу-энергетика компаниясы таратқан хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу