Үш жыл қатарынан болған қуаңшылық агроөнеркәсібі шалқыған Жітіқара өңіріне оңай тиген жоқ. Былтырғы тәуір егін мен көктің шығымы шаруалардың еңсе көтеруіне сеп болғандай. Биыл бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша экономика дамуының негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетіп отыр.
Әкеден балаға жалғасқан өнер
Сонау тоқсаныншы жылдардың аяғында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысына Марғұлан Оспанов деген жаңа есім отты леп, тың оймен қосылған еді. Торғай дуанының Шилі ауылының шынашақтай тумасы бара-бара қатарының көш басына шықты. Тіпті, әлгі «сары бәлемен» сөз қағыстыруға көп қарсыластың дәті шыдамайтын.
Ұзынкөлде үш жасар екі бала түтінге тұншығып көз жұмды
Бүгін елордада ҚР Төтенже жағдайлар министрі Юрий Ильин халықпен кездесу өткізіп, жиын барысында ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырып кету орны толмас өкінішке соқтыратынын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қостанайда құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты
Қайғылы оқиға Жеңіс көшесінде салынып жатқан тұрғын үй ғимараты маңында болды. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…
Қостанайдағы «Қоғамдық келісім» мекемесін достықтың мекені десек болады. Ол жерде әртүрлі этномәдени бірлестік бар. Олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ел бірлігі мен татулығының берік сақталуына үлес қосуда. Мекемедегі белсенді бірлестіктің бірі – «Бірлік» әзербайжан этномәдени орталығы. Мереке қарсаңында аталмыш орталықтың төрағасымен кездесіп, аз-кем әңгімелестік.
Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарқын жобалар жастар үшін
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қызметкерлері Қостанай облысында медиа, IT, білім беру, медицина және ауыл шаруашылығы саласының сарапшылар шеберлік дәріс өткізіп, жастарға арналған жобалармен таныстырды.
Жемқорлардан алынған қаражат жаңа мектептердің құрылысына жұмсалады – Үкімет
ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызықты шеберлік сабағы өтті
№1 музыкалық мектепте шығармашылық тәжірибеге негізделген қызықты шеберлік дәрістері өтті.
Қостанайда «Студент көктемі-2023» фестивалі басталды
Бүгін Қостанайда жылдағы дәстүрмен «Студент көктемі-2023» фестивалі басталды. Екі күнге ұласатын ауқымды іс-шараға облыстағы алты ЖОО студенттері қатысып отыр.