Ұзынкөлде үш жасар екі бала түтінге тұншығып көз жұмды

Ұзынкөлде үш жасар екі бала түтінге тұншығып көз жұмды

Бүгін елордада ҚР Төтенже жағдайлар министрі Юрий Ильин халықпен кездесу өткізіп, жиын барысында ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырып кету орны толмас өкінішке соқтыратынын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, күні кеше Ұзынкөл ауданында қайғылы жағдай тіркелген.

“Былай қарасаң, отбасы тұрмысы төмен жанұялар тізіміне енбеген, бірақ анасы үш жасар егіз балаларын үйге жалғыз қалдырып кеткен. Ол электрлі жылытқышты қосулы қалдырыпты, қысқа тұйықталу салдарынан құрылғы тұтанып, өрт шыққан. Өкінішке қарай, екі бала ысқа тұншығып көз жұмды. Өрт бар болғаны 5 шаршы метр жерді ғана қамтыған”, – деді министр.

Жаңалықтармен бөлісу