Ұлттық Банк 10 000 теңгелік ескі және жаңа үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 2027 жылғы 27 маусымға дейін ұзартты.
«Ол кезең аяқталғаннан кейін банкноталарды банктер мен Қазпошта бөлімшелерінде – 3 жылда, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдарында мерзімсіз айырбастауға болады», – деп хабарлайды Ұлттық Банк.
