Арқалықтық ғылым докторы “Жылдың үздік ЖОО оқытушысы” атанды

Арқалықтық ғылым докторы “Жылдың үздік ЖОО оқытушысы” атанды

Жерлесіміз, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің» деканы, PhD доктор Әлібек Ескермесұлы  жоғары оқу орындары арасындағы 2023 жылдың  үздік оқытушысы  атағын иеленді.

Бұл байқау жыл сайын Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары арасында ұйымдастырылады. Байқау нәтижесі бойынша ғылым, жоғары білім саласында үздік нәтиже көрсеткен оқытушы-профессорлар осы атаққа ие болады.

Әлібек Ескермесұлы 1978 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Тәуіш ауылында дүниеге келген. Қаратүбек орта мектебінің түлегі. 1999 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагоикалық институтын үздік дипломмен бітіріп, осы қара шаңырақта еңбек жолын оқытушылықтан бастады, декан қызметіне дейін үзбей қызмет етіп келеді. 2010-2011 жылдары А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Информатика магистрі. 2014-2017 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Математика мамандығы бойынша философия (PhD) докторы.

Математика ғылымы бойынша көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Қазіргі уақытта математика саласы бойынша шетелдік ғалымдармен бірлескен жобаларға қатысып, іргелі зерттеулер жүргізіп жатыр.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының «Білім және ғылым министрлігінің» Құрмет грамотасы, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісі, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                   Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу