Жылдың үздік жас тәлімгері марапатталды

Жылдың үздік жас тәлімгері марапатталды

Алтынсарин ауданының тумасы Евгений Чижевичке жуырда “Жыл тәлімгері” құрметті атағы берілді. Марапатқа ие болған Новоалексеев ауылының тұрғыны небары 36 жаста. Жұмыс барысында адал еңбегі үшін бірнеше рет бағаланған оның қол астындағы бригада екінші жыл қаратынан үздік ұжым ретінде таныла білді.

Евгений 2009 жылы әскерден келгеннен кейін “ОлжаБеляевка” ЖШС-не  механизатор ретінде жұмысқа тұрды. Жұмыс процесін ұйымдастыра білгені, тиянақты еңбек тәртібін қолдағаны үшін №2 трактор бригадасының бригадирі болып тағайындалды. Тәжірибемен құзыреттіліктің арқасында ол ұжымда лайықты беделге ие және кәсіпорынның дамуына үлес қосуды жалғастырып келеді. Бірнеше рет Алтынсарин ауданы әкімінің және “ОлжаАгро” ЖШС басшылығының грамоталарымен марапатталған. 2024жылы “Жыл тәлімгері” құрметті атағы берілді.

“Отбасымызда бес ағайындымыз. Кішкентай бауырымыз дәрігерлік оқуға баратын болып, содан ауыл шарушалығында жұмыс істеймін деп бел шештім. Әскерден оралған бетім еді. Содан осы “Олжа Беляевка” ЖШС-не механизатор ретінде қызметке орналастым”, – дейді Евгений Чижевич.

Алғашқы еңбек жолын Приозерный ауылында бастаған ол кейін отбасылы болып, Новоалексеев ауылына көшіп барды. Араға үш жыл салып бригадир болды. Евгенийдің әкесі де механизатор болып еңбек етеді. Келер жылы зейнетке шығуға дайындалып жүр. Әрдайым баласына осы жұмыстың қыр-сырын оқытумен келеді.

“Оқып-үйрену ешқашан кеш емес. Өз қолыңмен егіп, өсірген өніміңнің қадірі қашан да қымбат болады. Бұл – еңбектің ұмытылмас есте қалар сәттері. Осы қағиданы біздің ұжым жақсы түсінеді. Серіктестікте жыл сайын  өтіп тұратын байқауда екі жыл қатарынан үздік атандық”, – дейді Евгений Чижевич.

Евгенийдің  әкесі Владимир Снитковскиймен өмір жолы қатты ұқсайды. Ол да орта білім алып, әскери қызметтен кейін ауылда слесарь-сантехник болып жұмыс істеген. Содан жиырма жылға жуық Алтынсарин ауданы Приозерный ауылының білікті  механизаторы болып еңбек етті. Араға  он үш жыл салып, өзінің сүйікті механизаторлық кәсібіне  қайта оралған. Екі бірдей перзенті әкесінің жолын қуып, механизатор болды.

Айтпақшы, Евгенийдің жұбайы Людмила да осы саладан алыс емес. Серіктестікте бригадирдің есеп жөнідегі көмекшісі. Отбасында екі ұл, бір қыздары бар. Захар, Александр есімді атұстарлары мен Клавдиядай қыздары өсіп келеді.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Алтынсарин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу