29 мая, 2025
Жыланшық арнасынан асты. Мамандар не дейді?

Жыланшық арнасынан асты. Мамандар не дейді?

Бұл жағдай Жанкелдин ауданы Ахмет ауылының тұрғындарын алаңдатып отыр. Былтыр ауылды су қоршап, елді мекен сыртпен байланыссыз қалған еді.

Жағдайды білу үшін төтенше жағдай мамандарына хабарластық.

«Бұл жағдай ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болғандықтан табиғи құбылысқа жатады. Алдымен жылынды, сосын суыды. Салқындаған соң мұз қалыңдап, салмағы үлкейді. Су өзеннің жағасына шықты. Жалпы, ол ауылға қауіп-қатер төніп жатқан жоқ», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда, судын деңгейін бақылап отыру мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің тарапынан  гидробекет қойылды. Демек, алаңдауға негіз жоқ.

«Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу мақсатында су арнасынан шығып кетпеу үшін құммен бөгет жасалуда. Бұл бөгеттер су деңгейінің көтерілуі немесе тасқынның әсерінен тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдарды қорғау мақсатында салынады. Өзен жағалауын бекіту, нығайту жұмыстары жүргізілуде», – дейді мамандар.

Су деңгейі үнемі  бақылауда болады. Аудан тұрғындарына ескертіп, хабарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.