Қостанай қаласының әкімі жылды қорытындылап, қала активімен кездесу өткізді. Өткен жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы жылғы дамудың басым бағыттары анықталды.
Шаһар басшысы осы жылдың сынақтан басталғанын атап өтті. Көктемгі су тасқыны біраз жоспарды өзгертуге алып келгенін айтады.
“Тасқын су жағалаудағы қостанайлықтардың үйлерін, саяжайларын, бизнес нысандарға зардабын тигізді. Сонымен қатар, “Триатлон” саябағында сылынған инфрақұрылымға, “Шағала” жағалауындағы абаттандыру мен Теннис орталығына және өзге де нысандарға зиян келтірді. Бірақ қала тұрғындарының жанқиярлық жанашырлығыны, мекемелердің үйлесімді жұмысының арқасында сын-қатерлермен күресіп қана қоймай, ең бастысы адам шығынын болдырмадық. Осы уақытқа дейін төтенше жағдай желісі бойынша қалыпқа келтіру жұмыстарын орындадық. “Колесный ряды” ауданыдағы 112 апатты тұрғын сүрілді. Жағалаулар мен саябақтар қалыпқа келтірілді. Ал, үйсіз қалған қостанайлықтар үшін 98 пәтер сатып алынды. “Қонай” шағын ауданында 14 бір қабатты үйлер салынды. Төтенше жағдай салдарын. Жою бойынша барлық жұмыстар толық аяқталды. Бүгіннен, яғни 30 желтоқсаннан бастап 6 сәуірде жарияланған төтенше жағдай режимі ресми түрді күшін жойды”, – деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.
Облыс орталығындағы тұрғын үй салу мәселесіне тоқталсақ, соңғы 12 айда қала аумағында 333 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жоспар толық орындалып отыр.
“Осы жылы бюджет қаражаты есебінен 14 үй пайдалануға берілді, оның ішінде 1 жалға берілетін және 13 кредиттік үй, сондай-ақ ТЖ шеңберінде 14 бір пәтерлі үй. Тағы 6 кредиттік үй беріледі. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 83 мың м2 (1 жалға алу және 19 кредиттік) 20 үй пайдалануға берілетін болады. Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін 55 екі қабатты үйді “Градстройсервис” ЖШС салуы керек болатын. Бірақ көптеген бұзушылықтарға байланысты шартты біржақты тәртіппен бұзуға мәжбүр болдық. Қазір жергілікті мердігер 69 бір қабатты үйді мерзімінен бұрын тұрғызып жатыр, бұл үйлерді бөлу келесі жылы жер учаскелеріне кезекте тұрғандарға арналған өңірлік бағдарлама бекітілгеннен кейін басталады. Жалпы, келесі жылы үйлерді, инженерлік коммуникацияларды салу, абаттандыру бойынша негізгі жұмыстар “Береке” (8 үй, 9 ИКИ жобасы және 14 абаттандыру жобасы) және “Конай” (124 жеке тұрғын үй және 10 бес қабатты үй) шағын аудандарында жүргізілетінін атап өтемін”, – деді қала әкімі.
Келер жылға бағдарлама бойынша жеке құрылыс салушылардан 210 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Ал көшелерді жарықтандуға келсек, қалада 423 көше бар. Бүгінгі таңда темірбетон бағаналарын, темірге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, заманауи диммирленген шамдар орнатылуда. Бүгінгі таңда қала көшелерінің 90% көше жарығымен қамтылған.
“2025 жылы азаматтардың көптеген өтініштері бойынша көше жарығын жүргізу көзделіп отыр. Яғни, 724 тірек, 1300 шам және 260 биік тіреуге орнатылатын сыртқы шамдары қойылады. Осылайша, 2025 жылдың соңына қарай көшелердің 95% көше жарығымен қамтуды жоспарлап отырмыз”, – деді Марат Жүндібаев.
Қалада оң жақ бетке жүре алатын айналым салу қолданысқа енгізілді. Бұған дейін Досжанов көшесінен Мәуленов көшесінің қиылысында оң жаққа бұрылыс салынған еді. Жүргізушілер үшін өте ыңғайлы болды.
Яғни, бағдаршамның жасыл түс жанғанын күтпей-ақ, бұрыла беруге болады. 2025 жылы жеті бұрылыс съезі және 10 қиылысты кеңейту жоспарланған.
“Қостанайдың орталығын жаңа шағын аудандармен “Береке”, “Алтын арман”, “Солтүстік-батыс”, ” Юбилейный” аудандарымен байланыстыратын Досжанов көшесінен Достық көшесіне дейінгі жол өтпесін салуды жоспарлап отырмыз. Жоба бойынша жобалық-құндық құжаттамасын әзірлеуге 2025 жыл кірісеміз. Жобаны іске асыру бірнеше жылға созылады”, – деді Марат Жүндібаев.
Қала әкімі қоғамдық көліктердің де мәселесіне ерекше тоқталды. Бүгінде маршруттық желіде 28 маршрут бар.
Күн сайын жолға 193 автобус шығады. 2021 жылдың желтоқсанында 50 автобус (SAZ li 60), 2023 жылы 61 автобус (Yutong) сатып алынды. Осы 2023-ші жылы 50 автобус күрделі жөндеуден өткен.
“2024 жылы 4 автобус (2 жаңа Yutong автобусы – “Альтаир” ӨК (қолма – қол есеппен), 2 екі қабатты 2010 жылғы автобус – “Туристтранссервис” ЖШС (қолма-қол есеппен) сатып алынды. 2025 жылғы қаңтарда лизингке сатып алынған қосымша 25 автобус келеді (15 “Yutong” автобусы – Брунер ЖК, 6 “Yutong” автобусы – “Альтаир” ӨК, 4 “Yutong” автобусы – “Компания СТА”ЖШС). Жыл сайын субсидиялауды ұлғайтудың арқасында қала тасымалдаушылары автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартып (жөндеп) отыратынын атап өтемін”, – дейді шаһар басшысы.
Бала бақша мәселесі де қалада өзекті болып тұр. Биыл “Юбилейный” шағын ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. “Әуежай” шағын ауданында 280 орындық тағы бір балабақша салынуда, оны пайдалануға беру 2025 жылдың екінші тоқсанында жоспарланып отыр.
“Алайда, осы жұмыстарға қарамастан, мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы мәселесі өзекті болып қала береді. “Индиго” жүйесінің мәліметтері бойынша, жыл соңында кезекте 4123 бала тұр, оның 1657-і 2 жастан 6 жасқа дейін. Мәселе, әсіресе, жаңа шағын аудандарда өткір. “Юбилейный” шағын ауданында кезек 400-ден астам баланы тұр, ал осы ауданнан 600-ге жуық бала қаланың басқа балабақшаларына барады. Осыған байланысты осы шағын аудандағы бос жер учаскесінде 320 орындық тағы бір балабақша салу көзделген. Сонымен қатар, “СарыарқаАвтоПром” компаниясы өз аумағында Промышленная көшесінде балабақша салуды жоспарлап отыр. Құрылысқа арналған жер аукционда сатып алынды, ал жоба жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысында. Тағы бір инвестор “Береке” шағын ауданында 350 орындық бассейні бар заманауи балабақша салуды жоспарлап отыр. Қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа шағын аудандар инвесторлар үшін танымал және тартымды бола бастады. Жеке балабақшалар салудан басқа, инвесторлар қонақ үй мен фитнес-клуб салуды жоспарлап отыр”, – деді қала әкімі.
Марат Жүндібаев Қостанай қаласының 145 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілгенін тілге тиек етті. Енді, алдағы жеңістің 80 жылдығын да лайықты деңгейде атап өту керектігін айтты.
“Қостанайлықтар “Жаңа жылды”, “Наурызды”, “9 мамырды”, “Қала күнін” және басқа да мерекелерді шынымен күтеді. Біз мерекенің қажетті атмосферасын құру үшін қоғамдық кеңістікті, қала нысандарын тиісті түрде безендіру қажет екенін түсінеміз. Мысалы, 2025 жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Біз мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде өткізуіміз керек. Қай мереке болмасын, қала тұрғындары, бизнес өкілдері, ұйымдар мен кәсіпорын басшылары атсалысып келеді. Осы беттеріңізден таймай, қаланы одан әрі көркейтуге үлес қоса беріңіздер”, – деді Марат Жүндібаев.
Жиын соңында қаланы Жаңа жылға орай көркем безендірген ұйымдар мен бизнес өкілдері марапатталды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ