Жыл қорытындысы: Денсаулық сақтау саласы және инфрақұрылымы қалай дамыды? 

Жыл қорытындысы: Денсаулық сақтау саласы және инфрақұрылымы қалай дамыды? 

2024 жылы әсіресе ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау инфрқұрылымын дамыту жұмыстары жалғасын тапты. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жоба аясында 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жоспарланған – 257 медициналық пункт, 238 фельдшерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория.  251 нысан құрылысы аяқталды. Бұл медициналық қызметтерді шалғай елді мекен және ауылдық жерлердегі халыққа қолжетімді етеді. 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, фельдшерлік-акушерлік пунктілер мен дәрігерлік  амбулаторияларды қоса алғанда, жаңа денсаулық сақтау нысандар құрылысына қаражат бөлінді. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі – ана өлімін азайту. 2024 жылғы көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда 15%-ға жақсарған.

Жаңа бағдарламаларды енгізу, оныі ішінде клиникалық хаттамаларды қайта қарау, босануға тарифтерді арттыру денсаулық сақтау саласындағы жағдайды айтарлықтай жақсартуға септігін тигізді.  Биыл амбулаториялық деңгейде жалпы сомасы 212,8 млрд теңгеге  3,5 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Амбулаториялық көмекті жақсартуға басымдық бере отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінде дәрілік заттар мен медициналық заттарды тіркеу, бағасын белгілеу процестерін цифрландырумен, сондай-ақ олардың есебін жүргізу және айналымының цифрлық жүйесін жасаумен айналысатын жобалық кеңсе құрылды. Бұл жүйе дәрі-дәрмек саясаты процестерін кешенді талдау функциясын қамтиды. Нәтижесінде дәрілердің объективті бағасын анықтап, үстеме баға қосуға жол бермейді.

Жаңалықтармен бөлісу