Жыл басынан бері 500-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Жыл басынан бері 500-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай дерек көздерін хабарлады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 25 кәсіпорынынның  1,1 мың жұмыскерге 164,7 млн теңгеден астам сома  жалақы берешегі бар екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына міндетті орындауға 11 нұсқама беріліп, 1,8 млн теңгеден астам сома мөлшерінде айыппұл салынған.

Қабылданған шаралардың  нәтижесінде 500-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалып, 130 млн теңге өндіріп алынған.

Жаңалықтармен бөлісу