Жыл басынан бері 375 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жыл басынан бері 375 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл биылғы тұрғын үй жоспарының 75 пайызын құрайды.

«Іске асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы жобаларының негізгі үлесі облыс орталығына тиесілі. «Әуежай» және «Юбилейный» сияқты шағын аудандардың құрылысы аяқталуда, «Қонай» және «Береке» шағын аудандарының құрылысы жалғасуда», – деді Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Динара Ықыласова.

Сонымен қатар, осы жылы облыста Қостанай және Рудный қалаларында әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасып, кейіннен «Отбасы банкі» АҚ арқылы іске асырылуда. Жыл басынан бері 9 несиелік үй пайдалануға берілді.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу