Қоғамға маңызды мәселені көтеріп, оқырманға ой салар дүние жазып жүрсіз бе? Қаржылық сауаттылық, халықтың әл-ауқаты, ақша мен қаржыға қатысты өзекті тақырыптарды талдап, сапалы журналистік материал әзірледіңіз бе?
Ендеше, «Еркін сөз – 2026» шығармашылық байқауына қатысып, кәсіби шеберлігіңізді танытатын сәт келді!
Байқауды Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестікте ұйымдастырады. Дәстүрлі дода 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты — қазақ тілінде ақпарат тарататын журналистердің кәсіби деңгейін көтеріп, сапалы материалдар арқылы қоғамның қаржылық сауатын арттыру.
Биылғы номинациялар:
«Үздік видеосюжет»
«Үздік мақала» (газет)
«Сайттағы үздік мақала»
Кімдер қатыса алады?
Қазақстандағы қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын республикалық, халықаралық және өңірлік БАҚ журналистері қатыса алады.
Байқауға 2026 жылғы 1 қаңтар мен 21 қазан аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Әр журналист бір ғана жұмыс ұсына алады.
Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 21 қазан, сағат 23:00.
Материалдарды: erkinsoz2026@gmail.com
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp)
