Жұмысшы мамандар жоғары марапаттарға ие болды

Жұмысшы мамандар жоғары марапаттарға ие болды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жұмысшы мамандықтар жылына орай, ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін жұмысшы мамандық иелеріне жоғары марапаттар тапсырды.
⚡Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен өз кәсібіне адал жерлестеріміз арасынан марапатталғандар:

«Құрмет» орденімен:
— Николай Власович Гордеев («Дармен» ШҚ бас инженері, Алтынсарин ауданы);
— Нұрболат Шапиұлы Деңізбаев («ССКӨБ» АҚ теміржолшысы, Рудный қаласы), Астана қаласында өткен Форумда марапатталғанын айта кетейік;

blankblankІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:
— Қайрат Иванұлы Әбілдинов («Надеждинка» ЖШС механизаторы, Қостанай ауданы);
— Жандос Алдиярұлы Сүлейменов («Рудныйсоколовстрой» АҚ «Горжилстрой» мекемесінің бригадир-тас қалаушысы, Рудный қаласы);blankblank«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
— Қанат Серікұлы Баймағамбетов («Нур-Айгер-СК» ЖШС механизаторы, Сарыкөл ауданы).