Балаларды қорғау күні қарсаңында “Қостанай минералдары” АҚ мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған өз жұмыскерлерінің отбасына көмек көрсетті.
Бұл – аталмыш компания жыл сайын жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық іс-шарасы.
Айта кетейік, “Қостанай минералдары” АҚ осы мақсатқа 700 мың теңгедей ақша бөлді. Материалдық көмекпен жалпы саны 23 бала асырап отырған 22 қызметкер қамтылды.