«ҚазАвтоЖол» еліміздің он бір облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлады. Олардың арасында Қостанай облысы да бар.
«2026 жылғы 5 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
