Жолдардағы бақылауды күшейту: цифрлық шешімдерді енгізу және жазаларды қатаңдату primeminister.kz

Жолдардағы бақылауды күшейту: цифрлық шешімдерді енгізу және жазаларды қатаңдату

Жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық шешімдер енгізілуде. Қалаларда жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған.

Патрульдік көліктер де оларды бекіту жүйелерімен жабдықталған. Осындай жүйелерді маршруттық автобустар мен жедел жәрдем көліктерінде орнату мәселелері пысықталуда. Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол ережесін бұзу мәселесінің өсуіне байланысты жаңа шараларды жариялады.

«Біз жылдамдықты асыратын жүргізушілерге жазаны күшейтеміз. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілді. Сондай-ақ мас күйінде автокөлікті куәліксіз басқарса, 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады», — деді Ержан Саденов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында.

https://t.me/KZgovernment

Жаңалықтармен бөлісу