28 мая, 2025
Жолдар жабылды

Жолдар жабылды

Облыста ауа райының нашарлауына байланысты сағат 17:00-ден бастап көлік қозғалысы шектелді.

Атап айтар болсақ, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» республикалық автожолының 108-232 шақырымына дейін (Қостанай қаласынан Ақмола облысына дейін) жүк көліктері үшін, «Қойбағар-Қарасу-Севастополь» облыстық авто жолының 0-124 шақырымы арасында, «Қарасу-Большая-Чураковка» 0-90 км (Қарсу ауылынан Обаған ауылына дейін) дейін көліктің барлық түрлері үшін жүруге тыйым салынады.