Жол құрылысы саласында мамандар неге тапшы?

Жол құрылысы саласында мамандар неге тапшы?

Бұл сауалдың түйінін “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” облыстық филиалының мамандары жол-көлік колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру бағытында  жүргізілген ашық есік күнінде де көтерді.

Мәселен, қазір жол салып жатқан мердігер компанияларда зертхана меңгерушілері мен жол-құрылыс материалдарының инженерлері жетіспейді. Сонымен бірге асфальт төсеуші, жол тегістейтін техника, бульдозер мен автогрейдер операторлары тапшы.

Жиналғандар өз сөзінде салада құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашы, асфальт-бетон төсеушілер, білікті механизаторлар, геодезия, картограф мамандар, метеорологтар, механиктер, жол шеберлері не себепті жетіспейтінін алға тартып білмей дал.

“Жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені елімізде жыл сайын мыңдаған шақырым автомобиль жолдары салынады немесе жөнделеді. Бұл мамандыққа мемлекеттік тапсырыс көлемі де аз емес. Жастардың бұл жұмысқа не себепті мойын бұрмайтыны түсініксіз,–дейді филиал директоры Рафис Зинетов.

Айта кету керек, “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы”Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері жыл басынан бері өңірдегі жүздеген білім беру нысанында болып, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. “2000 мектеп” жобасы аясындағы жұмыстар алда да жалғасын табады.

Жаңалықтармен бөлісу