Бүгін “Жол қауіпсіздігі апталығы” аясында мектеп оқушыларына тәртіп сақшылары автокөліктің жарық шамдарына шағылысатын фликерлерді табыстады. Балаларға жол-көлік оқиғаларында болатын жарақаттардың алдын алу ережелерін айтып берді.
“Күн қысқарған уақытта балалар мен ата-аналардың назарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға аудару маңызды. Сол үшін өңірдің барлық мектептерінде, көлік көп жүретін қиылыстарда тәртіп сақшылары оқушыларға фликерлерді табыстап жатыр. Бала жолда неғұрлым айқын көрінетін болса, соғұрлым жақсы”, –дейді облысы ПД қызметкері Айнұр Жұмағұлова.
Жыл басынан бері Қостанай облысында 102 жасөспірім осы жол көлік оқиғаларынан зардап шегіп, түрлі жарақат алған.
Естеріңізге сала кетсек, жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аймақта 13 қарашада басталды. Осы уақытта полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлетін болады.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздігіне назар аударады. Жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 140 жол көлік оқиғасы орын алып, 17 адам қаза тапқан, 130 адам түрлі жарақаттармен зардап шекті. Жоғарыда атап кеткеніміздей, оның жүзден астамы жасөспірім балалар.
Акция барысында полиция қызметкерлері 2000-нан астам фликер таратты.