Төрт адамның өмірін қиған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
28 қазан күні таңертең Новонежин және Жосалы елді мекендері арасында “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” автожолында 59 жастағы “TANK” маркалы автомобиль жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, “ВАЗ-2112″маркалы автокөлікпен соқтығысты.
Апат салдарынан оқиға орнында “ВАЗ” автокөлігінде болған 4 адам қайтыс болды, “TANK” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.
“Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу (Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі) бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, – деп хабарлайды облыстық ПД қызметкерлері.