Жоғалған жылқылар иесіне қайтарылды

Жоғалған жылқылар иесіне қайтарылды

Полиция қызметкерлері жоғалған 14 жылқыны жедел тауып, иесіне қайтарып берді деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Қостанай тұрғыны Шортанбай Жетпісбаев жайылымнан жылқылардың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған болатын. 10 күн бұрын жоғалып кеткен жылқылардың құны 6 миллион теңгеге бағаланған.

Жануарларды өз бетінше іздегені нәтиже бермегесін, иесі полицияға жүгінген.

“Келесі күні Арқалық полицицейлері бөлім бастығының орынбасары Ғалибек Құлмағанбетовтың басшылығымен іздестіруді бастады. Іздеу операциясына учаскелік полицейлер Әлішер Шегебаев пен Дархан Тұрғанов та қатысты. Бір тәуліктен кейін жылқылар Үштөбе ауылынан 40 шақырым қашықтықта табылды. Жануарлардың иесі құқық қорғау органдарының үйлесімді және жедел жұмысының арқасында өз мүлкін қайтара алды”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Шортанбай Жетпісбаев полицияға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді:

“Жылқыларды таба алмағасын, полицейлерге жүгіндім. Олар тез арада тауып берді, бұл үшін көп рақмет!»

Бұл жағдай полицияның жергілікті тұрғындармен жедел әрекет етуі мен өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетті.

Жаңалықтармен бөлісу