Облыстық балалар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Нұрлан Ержанов журналистермен өткен брифингте хабарлады.
Биыл аталмыш нысанға жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына үшінші жыл. Әлі де «Вершина» мердігер компаниясы тиесілі құжаттарды тапсырмаған. Аурухана сол қалпында жұмыстары бітпей тұр.
—Біз осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұл күрделу жөндеу жұмыстарының бітер түрі жоқ. Сондықтан осындай шешім қабылдадық. Алдағы уақытта бұл жерде өзге мердігер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбекші. Қазір барлық құжаттар әзірленетін болады, — деді бас дәрігер.
Толығырақ газетімізден оқитын боласыздар.
Сурет ашық дереккөзден алынды.