Жітіқаралықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтті

Жітіқаралықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтті

Бұл мереке еліміздің көп ұлтты халқының ұзақ жыл бойы қалыптасқан достығы мен өзара сыйластығын, бірге өмір сүруге деген ұмтылысын айқындайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, Жітіқара ауданыдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірнеше сала ардагерлері мен мамандар марапатталды.

Жиында аудан әкімі Аслан Жаныспаев Қазақстан халқы Ассамблеясы достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштік тұрғысынан үлгі екенін атап өтті. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бұл бірлікті нығайтудағы айрықша оқиға. 1995 жылдан бастап Ассамблея ұлттар арасындағы келісімді орнатуда, мәдениеттерді дамытуда және қоғамдық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол этносаралық қарым-қатынастарды реттеп, достық пен өзара түсіністікті насихаттау арқылы Қазақстанның көпұлтты қоғамының тұрақтылығына үлкен үлес қосады. Елдің әр аймағында жұмыс істейтін «Достық үйлері» және шағын қауымдастықтар көптеген жобаларды, іс-шараларды және кездесулерді ұйымдастыра отырып, бұл мақсатқа қол жеткізуге үлес қосады. Олардың жұмыстары достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған. Жітіқара ауданында да 40-тан аса өзге ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, өз салаларында ауданның дамуына үлес қосып келеді», – деді құттықтау сөзінде Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев.

Бұл басқосу  этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда маңызы зор екенін байқатты. Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар өнерлерін көрсетті.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жітіқара ауданы