Жітіқаралық Гүлдем Ержанбаева республикалық “Ұлттық сезім” флешмобында күтпеген нәтиже көрсетті

Жітіқаралық Гүлдем Ержанбаева республикалық “Ұлттық сезім” флешмобында күтпеген нәтиже көрсетті

“Қостанай минералдары” АҚ Заң департаментінің заңгері Гүлдем Ержанбаева осы байқауда екінші орынға ие болып, ұйымдастырушылардан шоппер, көрпе және термос түріндегі жүлдені жеңіп алды. Осылайша, тұрмысқа қажетті қарапайым да қолайлы бұйымдар Жітіқарадағы иесіне де жетті. Гүлдем өзінің бейнесін әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін жүлделі орынға әуелде сеніңкіремей, ұйымдастырушылардың жіберген хабарламасын ерекше жағымды эмоцияда таңданыспен қабылдағанын айтты.

“Ұлттық сезім” жалпыұлттық флешмобы Қазақстанда 2023 жылдың 1 желтоқсанында басталған. Оған қатысу үшін Instagram-да ұлттық киіммен фотосурет пен бейнесі бар пост (reels) жариялау керек болды. Қолтаңбамда флешмобтың ресми аккаунтын белгілеп (@ulttyqsezim.kz), хэштегтерді (#ұлттықсезім #ношунациональное #ұлттықкиімкием) көрсеттім. Бұған қоса, флешмобқа қатысушы ретінде “мен “Ұлттық сезім” жалпыұлттық флешмобының бір бөлігімін” деген пост жариялап, reels ролигіме қол қойдым. Сол арқылы флешмоб аясындағы “Бәйге” федерациясы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің ықпалымен өткізілген конкурсқа автоматты түрде қатыстым. Осылай, жүлдеге ие боламын деп ойлаған жоқпын”, – дейді Гүлдем.

«Флешмобтың бірінші толқыны кезінде қазақстандық сегменттің Instagram кеңістігі көптеген қатысушылардың фотосуреттері мен бейнелеріне толы болды. Ал Жітіқарадағы флешмоб қатысушыларын ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар ұлттық стильдегі бейнені жасау кезінде дәстүр мен шығармашылыққа бейжай қарамайтынын көрсетті», – деп баға берді ұйымдастырушылар.

2024 жылғы 12 қаңтарда “Ұлттық сезім” жалпыұлттық флешмобы ел бойынша екінші шеруін бастайды және дәстүрлі ұлттық мәдениетке қосылғысы келетіндердің барлығын біріктіреді.
Қатысушылардың фотосуреттерін, бейнелерін және әңгімелерін күтетін болады. Сондай-ақ флешмобтың ресми аккаунтын белгілеуді ұмытпаңыз @ulttyqsezim.kz және хэштегтерді көрсетіңіз #ұлттықсезім #ношунациональное #ұлттықкиімкием. Ұлттық киімнің сұлулығын бірге көрсетейік!

Жаңалықтармен бөлісу