Қамыстылықтар аққала санынан әлемді дүр сілкіндірді

Қамыстылықтар аққала санынан әлемді дүр сілкіндірді

Жаңа жыл қарсаңында Аққала жасаудан қамыстылықтар әлемдік рекорд орнатты. Орталық алаңға жергілікті тұрғындар қардан 2400 аққала тұрғызды. Гиннес орталығының еліміздегі арнайы өкілі Қуандық Құдайбергенов Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевқа арнайы сертификатты табыс етті.

“Бұған дейін осы рекорд Қытайдың солтүстігінде орналасқан Харбин қаласында орнаған. Олар 2018 аққала тұрғызып, әлемді мойындатқан болатын. Сіздер одан да асып түстіңіздер. Десек те, сіздерде сертификат дайындалғаннан кейін тағы бір рекорд тіркелген екен. 2100 аққаланың құжатын әзірге табыстай тұрайын. Бұл сертификат жуырда жаңартылады”, – деді Қуандық Құдайбергенов.

 

Гүлдірайхан Ермұханова,

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика мамандығының 3 курс студенті.

Жаңалықтармен бөлісу