Жітіқара ауданында жыл басынан бері су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін ұзындығы 10 км болатын арық тазартылды. 25 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Осы жылдың наурыз айының басында кептелістердің алдын алу үшін мұз ою, көтергіш механизмдердегі кабельдерді ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Жітіқара қаласының көшелерінде кәріз коллекторларының 48 тірегі жойылды.
Су құбырлары, кәріз құдықтары мен жылу камералары топырақпен қапталып, айналасы қардан тазартылды. Биыл жауын – шашынның мөлшері былтырғы жылдың көрсеткішінен 3-4 есе асып түсті. 20 наурызынан бастап Жітіқара қаласының ескі бөлігін су басу қаупі туындады.
Барлығы 42 аулада су айдау жұмыстары жүргізілді. Су тасқынын жою жұмыстарына Жітіқара қаласы әкімдігінің 15 қызметкері, 7 техника, 6 мотопомпа тартылды. Суды бұру мақсатында траншея қазу үшін экскаваторлардың көп көмегі тиді. Тиегіштер арқылы жеке құрамның күшімен бірқатар іс тындыру жоспарда бар.