Жітіқарада енді инватакси жүреді @gazetakm

Жітіқарада енді инватакси жүреді

Бұл қызмет түрі «100 қайырымды іс» кең ауқымды акциясы аясында Жітіқарадағы  “Мүгедектер достастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автокөліктің кілтін табыс етуге арналған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали, аудан әкімі Аслан Жаныспаев және  “Қазақстан Халық Банкі” облыстық филиал директоры Иван Скородиевский қатысты.

@gazetakm

“Бүгін Жітіқара ауданында игілікті істің куәгері болып отырмыз. “100 игі іс” акциясы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшылығы «Жітіқара ауданының мүгедектер достастығы» қоғамдық бірлестігіне ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген жаңа автокөлікті сыйға тартып жатыр. Халық банкі бұған дейін облыста екі инватакси табыс еткен еді. Жітіқара ауданында инватакси қызметін енгізу мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады деп сенімдіміз”, — дейді Ринат Мұхаметқали.

@gazetakm

Іс-шарада “Қазақстан Халық Банкі” облыстық филиал директоры қатысушыларға инватаксиді таныстырды. Көлік креслоларды бекітетін ыңғайлы гидравликалық көтергіш құрылғымен жабдықталған. Ол қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтардың баратын жеріне тез әрі қауіпсіз жетуге жағдай жасайды.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Жітіқара ауданы

Жаңалықтармен бөлісу