Өңір басшысы Жітіқара ауданына жасаған сапарын әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын аралаудан бастаған еді. Жақында пайдалануға берілген “Вундеркинд” балабақшасына барды.
Қайта құруды меншік иесі 2020-2023 жылдары өз қаржысы есебінен жүргізген. Өткен жылы жиһаз сатып алуға мемлекеттен 5 млн теңге грант алған.
– Балабақшаны қалпына келтірген “М-архе” ЖШС компаниясының иесі Евгений Макаров үлкен жүректі адам. Пайда таппай, пәтерін сатудан түскен қаражатты балабақшаға салған. Бұл лайықты азаматтық ұстанымның көрсеткіші. Мен оған осы үлкен іс үшін алғыс айтамын, – деді Қ.Ақсақалов.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев