Осы жылдың 10-13 қазан аралығында Жітіқара ауданының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерінің кешенді оқу-жаттығулары өтеді.
“Құрметті Жітіқара ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Оқу-жаттығу шеңберінде төтенше сипаттағы қатерлер туындаған кезде аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің ден қою және өзара іс-қимыл жасау дағдылары пысықталатын болады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз”, делінген хаттамада.