Жітіқара ауданында екінші жыл қатарынан әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өткізілді.
Бастамаға аудан әкімдігі қолдау білдірді. Іс-шараны “Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” ММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы арқылы “SANALY urpaq-2050” ҚҚ ұйымдастырды. Қатысушылар комиссия алдында барын салып, жобаларын қорғады.
Аудандық жәрмеңкенің негізгі міндеті – халықтың белсенділігін арттыру, қызықты бастамаларды анықтау және қолдау, неғұрлым өзекті әлеуметтік идеялар мен жобаларды іріктеу.
Мұндай іс-шараларды өткізу бастамашыл топтардың, халықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, мекемелердің ұсыныстарын қолдау жөніндегі диалог алаңы болып саналады.
Іс-шараны Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары З.Орманова ашып берді. Ол ауданда мұндай жәрмеңке екінші жыл өткізіліп жатқанын және осы мақсат үшін аудан бюджеті қаражатынан жәрмеңке жеңімпаздарының 4 жобасын қаржыландыруға 1 млн 200 мың теңге, әр жобаға 300 мың теңгеден бөлінгенін және әлеуметтік әріптестерден 100% қоса қаржыландырудың міндетті шарты қосылғанын атап өтті.
Іс-шара барысында “SANALY urpaq-2050” қоғамдық қорының басшысы Нұрбек Әбдібеков жәрмеңкеге халықтың бастамашыл топтарынан, жастардан, ҮЕҰ-дан, мекеме қызметкерлерінен барлығы 8 өтініш түскенін атап өтті. Қорғауға 6 жоба ұсынылған, 2 өтініш алынып тасталды, өйткені ЖРО-дан ұсынылған 1 өтініш тікелей облыстық жәрмеңкеде жеңіске жетті, ал 1 өтініште бірлескен қаржыландыру көзі жоқ.
Үміттілер комиссия алдында өздерінің әлеуметтік жобаларын таныстырып, содан кейін 2023 жылы Жітіқара ауданындағы әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің 4 жеңімпазы түрде анықталды. Бір грантты 5В шағын аудан тұрғындарының бастамашыл тобы Қ.Қалжанова, С.Тасыбаеваның “Біз біргеміз” әлеуметтік жобасы ұтып алды. “Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Tra-Well” әлеуметтік жобалары да жеңімпаздар қатарында.
Сонымен қатар “Үміт” бастамашыл тобы (Н.Миляева) мен Тургенов ауылындағы “Біз біргеміз” еріктілер жасағының қатысушылары ұсынған “Отбасы аллеясы “Кездесу орны” 300 мың теңге иеленетін болды.
Төртінші жеңімпаз – “Сенсорлық бөлме – жұмбақ кеңістік” әлеуметтік жобасы. Оны “Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы” КММ әзірлеген.
Енді әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары жобаларын осы жылдың шілде-қазан айларында іске асырып, “SANALY urpaq – 2050” ҚҚ ұйымдастырушысына жобаны іске асыру бойынша шығармашылық және қаржылық есептерді ұсынуы керек.
Жітіқара ауданы