Жезқазған-Петропавл жолы келесі жылы пайдалануға беріледі Фотосурет: ҚР ИИДМ

Жезқазған-Петропавл жолы келесі жылы пайдалануға беріледі

Бүгінде Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарының аумағы арқылы өтетін   республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл»  автожолын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол келесі жылы елдің игілігіне айналады.

– Бұл жоба жүзеге асқанда біздің оңтүстік өңірлеріміздің көлік-логистикалық әлеуеті едәуіәр  жақсарады және еліміздің оңтүстік облыстарынан, сондай-ақ,  Өзбекстан мен Қырғызстаннан Астанаға – 600 шақырымға  дейін, Қостанай мен Петропавлға-450  шақырымға  дейін қозғалыс бағыты қысқарады, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтқанындай,  2024 жылы жол құрылысына, яғни жергілікті жолдарды жөндеуге  36,6 млрд теңге қаражат бөлінген. Бұл да  республика бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген ең ірі сома. Соның арқасында өңірде жалпы ұзындығы  1 350 шақырым автожол және 108 елді мекендегі  371 көше жөнделді.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу