«Жезқазған – Петропавл» автожолы Арқалық бағытындағы учаскесінің орташа жөндеуі аяқталды

«Жезқазған – Петропавл» автожолы Арқалық бағытындағы учаскесінің орташа жөндеуі аяқталды

Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған – Арқалық – Петропавловск» автожолының 252–339 шақырымдар аралығы толықтай орташа жөндеуден өтті. Бұл жол бөлімі Арқалық қаласынан Улытау облысының шекарасына дейін жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 71 шақырым. Көп жылдан бері күрделі қозғалыс жүктемесін көтеріп келген бұл бағыттың жаңартылуы өңір халқы үшін аса маңызды оқиға.

Жөндеу жұмыстары бірнеше мердігер ұйымдардың күшімен жүзеге асырылды.

blank blank

Олардың қатарында: «Алюминострой», «Омар-Транс», «АвтодорсервисНС» сынды компаниялар бар. Жобаға техникалық қадағалауды «Жаңа Консалтинг ЛТД» және «D&J EMPORIO» мекемелері жүргізді.

blank

«Аталған жол бөлігі өткен ғасырдың 80-жылдары салынғандықтан, тозу дәрежесі жоғары еді. Осыған байланысты қайта жаңғырту шеңберінде маңызды техникалық жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, жолдың ескі жабындысы ресайклирлеу әдісімен өңделді, қалыңдығы 6 сантиметр асфальтбетон төселді, жол жиегі бекітіліп, жаңа жол таңбалары сызылды. Бұл шаралар жол сапасын айтарлықтай арттырды және полотнаның ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етті. Жөндеу жұмыстарына 192 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 258 маман жұмылдырылған. Бұл үлкен көлемдегі техникалық және адами ресурстардың тартылуы жобаның уақытында және сапалы орындалуына мүмкіндік берді», – дейді «Қазавтожол» АҚ Қостанай облыстық филиалының «сапалық бақылау және қабылдау» бөлімінің басшысы Вячеслав Иноземцев.

Жаңартылған жол учаскесі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, Арқалық пен көршілес елді мекендер арасындағы байланысты нығайтты. Енді, жүк және жолаушылар тасымалы бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жылдамырақ жүзеге асады. Сонымен қатар, бұл бағыттың сапалы болуы өңір экономикасының дамуына, әлеуметтік байланыстардың күшеюіне оң әсер етпек.

blank blank blank blank

Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толық көлемде аяқталған. Жолдың қайта жандануы – тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасаудың, өңір инфрақұрылымын жаңғыртудың нақты нәтижесі.

Жаңартылған жол бөлімінің ашылу рәсімінде ел ақсақалы Қаратай Нұрманов игілікті іске ел атынан алғысын айтып, елмен елді жалғастырған жолшыларға ақ батасын берді.

Мұрат Жүнісұлы 

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                                 Арқалық қаласы