Жеткен жетістіктер тәуелсіздіктің арқасы

Жеткен жетістіктер тәуелсіздіктің арқасы

Тәуелсіздік алғалы бері жеріміз ұлғайып, алып жатқан өніміміз молайды. Бұның бәріне егемендіктің арқасында жетіп отырмыз. Өзім еңбек жолымды 1977 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь совхозында шофер болып бастап, еліміз егемендігін алғаннан кейін 1996 жылы «Мақатов Қайырбай Қонқаұлы» шаруа қожалығын аштым. Тағыл, Сорочин ауылдық округтерінің аумағында 2 485 гектар жеріміз бар. Дәнді дақылдарды өсіріп, мал шаруашылығының негізгі қызмет түрін дамытып келеміз. 2500 басы ірі қара, жылқы, ұсақ мал бар. Шаруа қожалығында МТМ, мұнай базасы, машина ауласы, астық сақтауға арналған қоймалар жұмыс істейді. Шаруашылық өнімділігі жоғары егіс кешендерімен, комбайндар және заманауи ауыл шаруашылығы құралдарымен жабдықталған.

Шаруа қожалығы Сарыкөл ауданының әлеуметтік саласына көп көңіл бөлінеді. 2010 жылдан бастап мұғалімдердің тамыз кеңесінде “Жылдың үздік мұғалімі”, Полиция күніне арналған “Жылдың үздік полицейі” номинациясының бастамашысы және құрылтайшысы ретінде әр номинацияға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріліп отырады.

Сарыкөл кентіндегі қазақ орта мектебін күрделі жөндеуге демеушілік көмек көрсетті. Сарыкөл кентінің Урицкий мектеп-лицейіне музыкалық аппаратура сатып алынды. 2011 жылы “Балдәурен” балабақшасын қалпына келтіруге демеушілік көмек көрсетті. Сарыкөл спорт залы толық қалпына келтіріліп, тренажерлармен, жүгіру жолдарымен, велосипедтермен және скутерлермен, электр автомобильдерімен жабдықталды.

Сарыкөл кентінің өнер мектебіне шатыр мен акт залын жөндеуге ақшалай қаражат бөлінді, сондай-ақ балаларға жаңа жылдық мерекелерге сыйлықтар сатып алынды.

2014 жылы “Батыр” стадионын салуға және “Тың Целина-2014” облыстық спартакиадасын өткізуге көмек көрсетті. Жыл сайын меморандум бойынша шарттар жасасады, аз қамтылған отбасыларға, тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіледі, ауылдық округтің ауылдарын абаттандыруға, “Мектепке жол”, “бөтен балалар болмайды” акцияларына, республикалық және аудандық маңызы бар спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге қатысамыз. 2015 жылы Сарыкөл кентіндегі аудандық ауруханада барлық қажетті палата жөндеуден өтіп, толық жабдықталды. 2016 жылы облыстық мешітке демеушілік көмек көрсетілді. Қостанай қаласында ескерткіш тұрғызуға ақшалай қаражат бөлінді. Сарыкөл кентіндегі аудандық мешітке үнемі демеушілік көмек көрсетіп келеміз. 2021 жылы Островное ауылына апаратын жолды жөндеді. 2022 жылы аудандық мешітке (зират қоршауы), сондай-ақ Сорочин ауылының шағын стадионының құрылысына демеушілік көмек көрсетілді.

Шаруа қожалығы Қостанай, Астана қалаларындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне тұрақты түрде қатысады, өндірілетін ет өнімдерін көрсетеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Сарыкөл ауданының үздік мал шаруашылығы болып танылды.

2023 жылы “Жомарт Жүрек” сыйлығы бойынша “Жыл меценаты” танылды.

2023 жылғы 1 желтоқсанда Қостанай қаласында “ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні” мерекесіне орай облыс әкімі “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.

2023 жылғы 4 желтоқсанда Сарыкөл кентінде “ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні” мерекесіне орай көп жылдық және жемісті еңбегі және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқаны үшін маған “Сарыкөл ауданының құрметті азаматы” атағы берілді

Осы жылы Сарыкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаным «Сарыкөл ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Сондай-ақ, жақында өткен ауыл шаруашылығы тамақ жəне қайта өңдеу өнеркəсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты мерекеде аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қолынан ҚР Президентінің «Еңбек ері» медалін алдым. Ауыл шаруашылығы саласындағы жеткен жетістіктерін еліміздің Тәуелсіздігімен тікелей байланыстырамын.

Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстанымыз дамып, гүлдене берсін. Көк туымыз желбірей берсін!

 

Қайырбай МАҚАТОВ,

“Мақатов Қайырбай Қонақұлы” Шаруа қожалықтарының төрағасы.

Сарыкөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу