Қаржы пирамидасын басқарды деп айыпталған Николай Бухаринге сот үкім шығарды.
Қостанай қалалық №2 сотында екі тараптың жарыссөзі өтті. Мемлекеттік айыптаушы Дүйсен Шәкіров соттан Н.Бухаринді 10 жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтетуді сұрады.
Сотталушының қорғаушысы айыптаушы тарап “Финико” қаржылық пирамида екенін дәлелдей алмағанын жеткізді.
Жарыссөз аяқталған соң сот бір жарым сағатқа үзіліс жариялады. Межелі уақыт өткен соң сот қылмыстық іске қатысты шешімді оқыды.
Сот үкімімен сотталушы Н.Бухарин ҚР ҚК 217-бабы, 2-тармағы 3-бөлігі (ақша немесе өзге де ірі мөлшердегі мүлікті тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға жас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады.
Мұның сыртында 30-ға тарта зардап шеккен адамға 100 млн теңгеден астам ақшаны өтеп беруге міндеттелді.
Сотталған Н.Бухарин соттың шығарған шешімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген автор