Жеті жасар баласы үшін көмек сұраған ана халыққа қайта жүгінді

Жеті жасар баласы үшін көмек сұраған ана халыққа қайта жүгінді

«Қостанай таңы» редакциясына Қостанайда тұратын,  екі баласын жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған  жалғызбасты ана хабарласқан еді.

Естеріңізге сала кетсек,  кенже баласы сырқат. Жиі ауырады. Соңғы уақытта тамаққа тәбеті шамалы. Дәрігерлер 1-дәрежелі гипохромды-микроциттік анемия белгілері бар деген қорытындыға келген.

Баладан жедел нефротикалық гломерулонефрит синдромы анықталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай:

“Квота бойынша консультацияға тек гематолог, онколог профессорға бардық. Алдымен қан анализін тағайындады. Іштің ультрадыбыстық зерттеуінен кейін, мидың, мойынның, кіші жамбастың және іштің құрылысын тексеріп, МРТ-дан өткізді.  МРТ нәтижесі бойынша  бастан ісік тапты. Лор КТға да конструкциямен жіберді. Енді ісікке бір айдан кейін ота жасау керек. Егер ол өсіп кетсе, оны алып тастау керек. Бұл қадам  мұрын қуысының бір бөлігін жабу қаупін тудырып отыр”, – деп Данагүл Шаймағамбетова халықтан көмек сұраған болатын.

Үш апта ол жақта тексерістен өтті.  14 ақпан күні шығарылып, Қостанайға келді. Бір апта өтпей денсаулығы қайта сыр берді. Облыстық аурухананың жедел жәрдемімен әуежайға жеткізілді. 2 наурызда Астанадағы ана мен бала орталығының нефрология бөлімшесіне жатқызылды. Бүйрек биопсиясы алынады және одан да тереңірек зерттеулер жүргізілмек. Ревматолог пен генетиктер геномдық жұмыстар жасауды тағайындады, оның құны 865000 теңге тұрады екен. Одан жақын шетелге жіберіледі.  Өндіріс мерзімі 3 ай уақыт алады.

Осы жағдайға жанашырлық танытатын жандар болса, мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз:

Анасы Данагүл Шаймағамбетова;

4400430209865473

Каспи банк

4405639751786839

Народный банк

Данагуль Ш(анасы)

 

 

Жаңалықтармен бөлісу