Қарағанды қаласында Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатынан жерлестеріміз күміс жүлдемен оралды. Бұл жарысқа жиырма команда қатысып, бақтарын сынаған еді. Екі аптаға созылған жарыста бас жүлдені көршілес Ақтөбе облысы,
үшінші орынды киелі Түркістан өңірінің спортшылары иеленді.
Осы жарысқа Жанкелдин аудандынан алты оқушы қатысып, үшеуі жүлдегер атанды.
Айлана Аймағанбетова бірінші орын алса, (ш. Уәлиханов атындағы мектептің екінші сынып оқушысы) Жайна Алпысқызы( Ы.Алтынсарин атындағы мектептің бесінші сынып оқушысы) мен Наргиз Бақыт екінші орынға ие болды ( Н.Иванов атындағы мектептің үшінші сынып оқушысы).
Алыстан олжалы келген жүлдегерлерді дайындаған Қайрат Айтмағанбетовке осы оқушыларды жоғары жетістікке жеткізгені үшін, Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ Федерациясы атынан диплом табыс етілді.