Бүгін шаңғы жарысынан IX Азия ойындарының қола жүлдегерлері Наиль Башмаков пен Владислав Ковалев елге оралды. Оларды қостанайлықтар құшақ жая әуежайдан күтіп алды.
Найль Башмаков бұл спорт түрімен тоғыз жасынан бері айналысып келеді.
«Алғашқы жаттығуды мектеп қабырғасында бастап, он екі жасымнан кәсіби тұрғыда шұғылдандым. Байқағаным, қазір жастар үшін спортпен айналысуға барлық жағдай бар. Сол себепті алдымызға үлкен мақсат қойып келеміз. Әрине, қобалжу болды. Жүлдесіз не бетімізбен елге қайтамыз деп те ойладық. Сәтін салып, бапкерлердің қолайлы тактикасының арқасында межеге үшінші келдік», – дейді Найль Башмаков.
Құрама команда мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта Норвегия елінде өтетін ел чемпионатына аттанады.
Бапкерлік құрам да жүлдеден дәмелі. Ол үшін спортшы әрдайым салқынқанды, моральдық тұрғыдан дайын болуы тиіс.
Бұл Владислав Ковалетің – әке тәлімінен алған өне бойғы қағидасы.
«Эстафета жарысына біз алдымызға үлкен мақсат қойып шықтық. Мәре сызығын алғашқылардың бірі болып кесуге дайын болған едік. Ауа райы да біз күткендей тамаша болды», – дейді Владислав Ковалев.
Ол спортқа кейін келсе де әке тәрбиесін көріп өсті. Үнемі жанынан бір елі қалдырмайды. Атлет үнемі ұмтылып тұру керектігін әлі күнге шейін санасына құйып отырады.
«Жол бойы шәкірттеріме мұнымен тоқтап қалуға болмайтынын айтып келдім. Алда бізді талай асулар күтіп тұр», – дейді Владимир Ковалев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өткен 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.
Шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамы 4-тен 7,5 шақырым эстафетада үшінші орынға лайықты нәтиже көрсетті.
Елге медаль әкелген Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының сапында қостанайлық Наиль Башмаков пен Владислав Ковалев те бар.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген – Жансая СӘБИТБЕК