Жерлестеріміз олжалы оралды 

Жерлестеріміз олжалы оралды 

Алматы облысы Кемертоған ауылында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлделеріне арналған бокстан халықаралық турнирінде Қостанай қаласының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері тамаша нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, Темірлан Чемурзиев пен Нұрхан Жалғасбеков жаттықтыратын Рамина Маханова 54 келіде алтыннан алқа тақты. Мадина Нұрманова 66 келіде күміс, 80 келілік Ангелина Почеховская жарыстың қола жүлдегері атанды.

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу